Алдымен облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов орман өртін сөндіру станциясының жұмысын бағамдады. Өрт сөндiру техникаларын, құрал-саймандар мен жабдықтардың орман өрттерiн сөндiруге әзірлігін пысықтады.
Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы мекемесінің жер көлемі 22 мың гектар . 6 мың гектары орманмен көмкерілген , 6800 гектары Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын зоологиялық қорыққа жатады. Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес бүгінде 298 га жерге 1млн 702 мың дана қарағай көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізіліп толықтай аяқталды. Орман шаруашылығының жұмысында өрт қауіпсіздігі жіті бақылауда.
Ерлан ОРМАНОВ Орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Жаңаарқа шаруашылығы мекемесінің директоры
Қазіргі таңда өрт маусымы кезеңі басталғандықтан мекемеге арнайы 2023 жылғы өрт сөндіру машинасы,мемеке қызметкерлері арнайы өрт сөндіру киімімен жабыдқталған. Және байланыс құралдарымен толық қамтамасыз етілген. Бүгінгі таңда мекеме өрт маусымына толықтай дайын.
Орман өртін сөндіру оңай шаруа емес. Сондықтан оған жол бермеудің алдын алған жөн. Мекеменің дайындығын бақылаған облыс әкімінің орынбасары мекеме басшысына бірқатар тапсырма жүктеді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАКЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ