ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Әкелер арасында спорттық сайыс өтті

Бөлісу:

Әкелер мен балалар төбе көрсеткен сайыста 7 топ болып бақ сынасты. Қазақтың төл ойындарын танытумен шектелмей, отбасы институтын нығайту мақсатында ұйымдастырылған сайыстың жөні бөлек. Өйткені мұнда әке рөлінің маңыздылығын көрсету, отбасы құндылықтарын дәріптеу, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту секілді ең негізі мақсат бар. 

Дана КІЛЕКОВА Ұлытау облыстық қоғамдық даму басқармасының бас маманы 

Осы іс-шара аясында видеороликтер бойынша конкурстар ұйымдастырылып жатыр. Қала тұрғындары сы күнмен құттықтаймын. Әр әке отбасының тірегі болып жүре берсін. 

Сайыста әкелер мен балалар «қашықтықтан жүгіру», «асық ату», «садақ ату», «ләңгі тебу» секілді ойындарда сынға түсіп, кім мықтыны анықтады.Ала­ман­ның басты жүлдесі көптің ішінен дараланған Ерболат Олжабекұлы мен баласы Асылхан Олжабекке бұйырды. 

Ерболат ОЛЖАБЕКҰЛЫ жарыс жеңімпазы 

Иә, ойын тартысты болды. Кішкене қобалжу да болды. Құдайға шүкір 1-ші орын бйырыпты. Сәттілік серігіміз болды. 

Өзге де жеңімпаздарға дипломдар мен  бағалы сый-сыяпаттар тапсырылды. Сайысқа қатысқан әкелер мен балалар осындай жарыстар дәстүрлі түрде өтіп тұрса деген тілегін де жеткізді. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты