Мамандардың айтуынша, алғашында науқаста қарапайым суық тиюдің белгілері болады. Кейін жөтел дендеп, баланың дене қызуы көтеріледі.
Жұмакүл МАҚАНОВА Облыстық көпсалалы ауруханасының инфекциялық бөлімшесінің меңгерушісі, инфекционист дәрігер
Көкжөтел 4кезеңнен тұрады. 1-кезең.Жасырын кезеңі. Ол 1,5 -2аптаға дейін созылады.Катаральды кезең :Біртіндеп дамиды . Қарапайым ЖРВИ-ді еске түсіреді.
Көкжөтел асқынған жағдайда пневмония, мидың зақымдалуы мен тыныс алудың тоқтауына алып келуі мүмкін. Оның алдын алу жолы – уақытында екпе егу.
Елена ТКАЧЕНКО Ұлытау облысының санитариялық эпедемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары
Ата-аналар балаларында екпенің бар-жоғына назар аударса деймін. Егер алмаған болса, тіркелген жері бойынша медициналық мекемеге барып екпе салдыртуы керек. Көкжөтелге қарсы екпені баланың 2, 3, 4, 18 айында жасалады, ал ревакцинациясы 6 жасында салынады.
Бұл дерт әсіресе, жаңа туған нәрестелер үшін өте қауіпті деп отыр мамандар. Бүгінгі таңда 4472 адам қайталама иммундаудан өткен. Сондай-ақ профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес жоспарлы екпелерді қамту бойынша жұмыс күшейтілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |