ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Егіс алқабындағы жүздесу

Бөлісу:

«Бекетай-Баба» шаруа қожалығының басшысы Бағдат Бекетаев – Үкімет үйінен келген делегациянаы егіс алқабымен таныстырды. Облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстарды қысқаша баян етті. 

Әрі қарай Премьер-Министрдің орынбасары мен Ауыл шаруашылығы министрі және аймақ басшысы өңір шаруаларымен кездесу өткізді. Ашық алаңқайда еркін форматта өткен жүздесуде жергілікті шаруалар түйткілді мәселелерді ортаға салды. 

Биыл Ұлытау облысында егілген 29.5 мың гектар  егістік алқабының 24 мыңы астық, 4.5 мың гектары жемшөп дақылдары болса, картоп пен көкөніс тұқымы 1000 гектарға себілген. Ол үшін 400 ауылшаруашылығы техникасы жұмылдырылған. Ауыл шаруашылығы министрі – шаруасын дөңгелетем деген шаруаға қолдау қашан да болатындығын айтты.

Айта кетейік, Биыл Жаңаарқа ауданында 5.9 мың гектар, Ұлытау ауданында 8.3 мың гектар аумаққа саяқ шегірткелерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген. Өңірде ветеринарлық зертхана ашуға қатысты сұрақтар да осы жиын да көтерілді. 

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты