ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Құрылыс қарқынды жүргізілуде

Бөлісу:

Ұлытау облысында «жайлы мектеп» жобасы аясында 7 мектеп салыну көзделген. Соны бірі - Қабанбай батыр шағын ауданында бой көтеретін осы 300 орындық оқу ордасы. Мұндай мектептер ауылда да, қалада да бірыңғай стандарт бойынша салынатын болады.

Аталған нысан жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі деп күтілуде. Осылайша ұзақ жылдан бері Қабанбай батыр шағынауданынан Жезқазған қаласына  қатынап оқуға мәжбүр болып келген 200 баланың мәселесі оңынан шешімін таппақ.

Облыс орталығында жаңа спорт базасының да құрылысы басталды. Нысан – негізінен ескек есуші спортшыларды қолдау бағытында қолға алынуда. Салынып болған соң база қыс мезгілінде шаңғы спортын дамытуға да қолданылатын болады.

Айта кетейік, спорттың бұл түрінен жерлестеріміздің жеткен жетістіктері аз емес. биік белестерді бағындыруда. Жуырда ғана Таиландта өткен Азия чемпионатында жезқазғандық Малика Турсын, Виктория Фалолеева күміс және қола медальдарды қанжығалына байлады.

Екі қабаттан тұратын ғимаратқа бөлінген аумақ - 4 жарым гектардан астам. Қолданысқа берілу уақыты 2025 жылдың соңына жоспарлануда.

Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты