Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі талаптарының сақталуы, тәртіптік жауапкершіліктері және мемлекеттік қызмет туралы заңнама аясында енгізілген жанашылдықтарды түсіндіруді мақсат еткен семинарға орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің мемлекеттік қызметшілері қатысты.
Айнұр АБИКЕНОВА ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы басшысының м.а.
теріс қылықтары болған жағдайда осы мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жауапкершілік қарастырылады ғой, сол тәртіптік жауапкершілікті қарастырған уақытта, алдағы конкурстық нәтижесімен басқа лауазымға өте аламын ба,өте алмаймын ба деген сұрақтар туындайды. Соларды бүгін қарасытырып семинар кеңес өткізіп жатырмыз.
Сондай-ақ кеңесте мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінде жазылған ойын мекемесіне барудан тартыну талабы жіті түсіндірілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершіліктері және оларды болдырмау мақсатында орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің Әдеп жөніндегі уәкілдеріне тиісті жұмыстарды күшейту қажеттігі аталып өтілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ