Кеншілер қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия - 1994 жылы ашылған. Биыл 30 жылдық мерейлі белесті атап өтетін білім шаңырағында оқыту процестері қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. 800 ге жуық бала ілім теретін гимназияның аккредиттеуден өтуі – ұйымшыл ұжымның тынымсыз тірлігінің жемісі.
Білім беру мекемесінде заманауи үлгіде оқу кабинеттері жаңартылып, STEM кабинеттері жасақталған. Оқушылардың білім алуына барлық жағдай жасалған. Бұған әрине, ата-аналар қауымы да қуануда.
Гимназиның түрлі дәрежедегі додаларда жеткен жетістіктері аз емес. Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 100 үздік мектептің қатарына кірген білім ордасының оқушылары биылғы оқу жылын да толағай табыстармен қортындылауда.
53 мұғалім дәріс беретін гимназия ұжымы – аккредиттеуден абыроймен өту бізді келесі жеңістерге жетелейді дейді.