Жезқазғандағы Оңтүстік өнеркәсіп аймағында жаңа мұнай базасы пайда болады. Мұндағы негізгі мақсат - өңірдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Инвестициялық жобаны жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге «PetroRetail PFS» ЖШС жүзеге асырмақ.
Капсула салу рәсіміне арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Алмаз Ыдырысов жобаның іске асырылу жолымен танысты. Жаңа мұнай базасы - жазғы және қысқы дизель отынын, сондай-ақ АИ-92 және АИ-95 маркалы бензинді қабылдау, сақтау және босату бойынша бірқатар объектіні қамтитын болмақ. Айта кетейік, жобаның толықтай аяқталу мерзімі келер жылдың тамыз айына белгіленуде...
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы