«Сымбат» би ұжымы – Алматыда өткен халықаралық додада Ұлытау облысының намысын абыроймен қорғап келді. Алатаудың бөктеріндегі бәсі жоғары байқауда Жезқазғандықтар барын сала білшен. Ерекше дарынымен елдің ықыласына бөленіп келген өнерпаздарды сапаржайдан біздің түсірілім тобы арнайы күтіп алды...
Халықаралық байқауда топ жарған өрендер бұған дейін де түрлі облыстық, республикалық жарыстарда топ жарып жүрген талантты ұжым. Бұл жолғы байқау – жас санатына байланысты екі категорияда өткен...
Өнер ұжымы бұл жетістіктерімен тоқталып қалмақ емес. Алда талай додаларда мысты шаһардың мәртебесін аспандата береміз деді.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы