Квазимемлекеттік секторда бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жол жоқ. Комплаенс қызметі мекемелердегі жағдайды жіті бақылап, тәуекелдердің алдын алады. Қажет жағдайда талдау жасап, мүдделер қақтығысын болдырмауға әрекет етеді. Семинарда академия спикерлері комплаенс бағдарламасын құру жөнінде баяндап, семинар қатысушыларымен бірге тәуекелдерді анықтау жолдарына талдау жасады.
Жаслан ХАМИТОВ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Бүгін біз семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібі жайлы айтатын боламыз. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатқа, реформаларға шолу жасаймыз.
Семинар кеңес еркін форматта өрдібі. Оған қатысушылар тақырып аясында сұрақ қоюға мүмкіндік алды. Спикер ретінде шақыртылған
Руслан Тоқатов «Адамды түзетпей қоғам өзгермейді. Қоғамдық сананы дұрыс қалыптастырмай, қылмысқа қарсы күресті қолға алу қиын», дейді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысы қол қойған 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдаманы жүзеге асырудың қадамдарын түсіндіріп, мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы ақпараттандыру маңызды.
Руслан ТОҚАТОВ Е. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі
Біздің мақсатымыз заңды жетілдіру.бірінші мәселе-кез келген қоғамдық қарым-қатынаста заң басшылық ететін болса және халыққа түсінікті дәрежеде өзінің әсерін тигізетін болса онда болашақта қарсы кеселге шара жүзеге асатынына мен сенімдімін.
Сондықтан семинарда айтылғандай, алдымен тәрбиеге,заңға одан кейін адам өзіне ден қойған артық етпесе керек.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ