Алдымен аймақ басшысы Ұлытау облысының құрылуы жайлы мәлімет берді. Облыс экономикасы өнеркәсіппен байланысты екенін жеткізді. Сонымен қатар, заманауи өнеркәсіп кешендерін құру, өңдеу өнеркәсібі мен жеке бизнесті дамыту үшін инвесторларды қосымша тартуға мүмкіндіктер бар екенін айтты. Тілдесу барысында білім беру саласына кеңірек тоқталды.
Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі
Біздің өңірде сапалы білім беретін жоғары оқу орны жоқ. Көптеген жастар үлкен қалаларға кетіп жатады. Бізге олардың кеткені емес, тіпті басқа өңірлерден келген керек. Қазақмыс корпорациясының бұл ретте Астанадағы Канадалық мектебі бар. Қазір біз Қазақмыс корпорациясымен меморандумға отырдық. 30гектар жер бөлінді. Енді құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін проект дайындап жатыр.
Кездесуде елші,біздің өңірге алғаш келгенін айтып, 2 күн ішінде тарихи жерлерге баратынын айтты. Сонымен қатар ағылшын тілінде білім алам деген жандарға және әріптестік орнатуға көптеген бағдарламар бар екенін жеткізді.
Даниель Розенблюм АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі
Мен сіздердің өңірлеріңізді танып, білу үшін келдім. Қазақстан мен АҚШ-ның әріптестігі дамып келеді. Білім беру саласы жайлы жобаларыңыз ұнады. Болашақта АҚШ пен осындай әріптестік орнаса деймін. Сол үшін жұмыс жасауымыз қажет.
Өңір басшысы Ұлытау облысында Global Chemicals Industries американдық инвестор Қаражал қаласында барит кендерін өндіру бойынша қуаттылығы жылына 200 мың тонна инвестициялық жобаны сәтті жүзеге асырып жатқанын мәлмідеді. Жалпы осы екі күн ішінде елші аймақтың кейбір кəсіпорындарына баруды жоспарлап отыр.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ