ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыстық мәслихат сессиясы

Бөлісу:

Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов  ашып, жүргізіп отырды. Алдымен әдеттегідей күн тәртібі бекітіліп, сессияның есеп комиссиясының құрамы сайланды. Бұл жолғы сессия – бұрынғысынан өзгерек болды. Себебі, мұнда облыс әкімі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің  орындалуы жөнінде облыстық мәслихаттың депутаттары алдындағы  есеп берді. Аймақ басшысы өз есебін өңір бюджетінен бастады. 2022 жылы облыс құрылған кезеңмен салыстырғанда бюджет 2 есеге өскен...

Сонымен қатар Ұлытау облысына инвестиция тарту жұмыстары да жүйелі жолға қойылған. 2023 жылы жалпы сомасы 10 млрд теңгеге 3 инвестициялық жоба іске қосылса, 2024 жылдың соңына дейін 27,8 млрд теңгеге 15 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарлануда.

 Ауыл шаруашылығын дамытуды субсидиялауға арналған қаржы көлемі де артқан. Әлеуметтік саладағы оң өзгерістер де осы жиында айтылды. Әкім есебінен кейін халық қалаулылары өз сауалдарын қойды. Зина Ақылбекова мен Аяна Мукеева білім саласындағы олқылықтарды көтерсе, Мұрат Маткенов көктемгі су тасқынының алдын алу бағытындағы іс шаралар жөнінде сұрады. Ал, Бекзат Дайрабайұлы экология мәселесін көтерді...

Сонымен қатар осы жиында Қаражал қаласының бас жоспары жобасы бекітілді. Облыстық мәслихат төрағасы қордаланған мәселелерді халық қалаулыларымен бірлесе шешуге дайын екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінгі сессияда Ұлытау облыстық  мәслихатының депутаты   Досбол Мейірбектің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды. Өзге де мәселелер депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты