Мемлекеттік қызметші – адам өміріне тікелей әсер етуге, маңызды мәселелерді шешуге және қоғамның дамуына қолайлы жағдай жасауға жәрдемші болатын мәртебелі мамандық. Олардың қабылдаған шешімдері елдің экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайына тікелей әсер етеді. Салтанатты шараға жиналғандарды қала әкімі Қайрат Шайжанов құттықтап, сала көшбасшыларына Құрмет грамотасы мен алғыс хаттарын табыс етті.
Бүгінгі күні Жезқазғанда 100 ге жуық мемлекеттік қызметші бар. Олардың дені жастар санатынан. Еткен еңбек пен төккен тердің лайықты дәрежеде бағаланып жатқандығына жауапкершілігі мол мамандық иелері дән риза!
Шара соңында Мемлекеттік қызмет табалдырығын алғаш аттаған жас мамандар - Отанға адал болуға және мемлекет мүддесі үшін еңбек етіп, кәсіби қызмет көрсетуге салтанатты түрде Ант берді.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «ҰЛЫТАУ»