ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ведомствоаралық жиын

Бөлісу:

Күн тәртібіне 4 мәселе шығарылды.Алғашқы сұрақ: қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024 -2028 жылдарға арналған тұжырымдамасының шеңберінде шаралардың орындалу барысы туралы.   Бұл туралы Ұлытау облыстық ПД штаб бастығы Даурен Ахметов баяндады.  Бірнеше бағытты қамтитын тұжырымдамада әйелдер мен балаларға қатысты зорлық –зомбылықтың алдын алу, жәбірленушілерді кешенді қорғау және көмек көрсету жүйесін құру, киберқылмысқа оның ішінде интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың тимідлігін арттыру сияқты мәселелр қаралған. Сондай-ақ жиында облыстық полиция басқармасының ғимараты талапқа сай келмейтіні айтылды. 

Даурен АХМЕТОВ Ұлытау облыстық ПД штаб бастығы 

Алайда ПД орналасқан ғимарат обьектілердің террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы ҚР үкіметінің 2021 жығы 12 сәуірдегі 234 қаулысының талаптарын сәйкес келмейді. Осыған байланысты 550 полиция қызметкерлеріне арналған ПД ғимаратын салуға жер учаскесі мен 6 млрд 24 млн 644 мың теңге қажет. 

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 

Бұл туралы республика басшылығы бәрі жақсы біледі. Бірінші кезекті біз қазір дайын жобамыз, әкімшілікті соғу жобасы қазір дайындалды. Оған 18 млрд керек. Тек қана ішкі істер емес басқа да көптеген осы жердегі департаменттердің ғимараты жоқ.Күн тәртібінде сол тұр. Қашан құрылыс басталатыны белгісіз. Биыл берілсе батыс жақтан орны белгіленген,құрцылыс басаталады. ПД,сот, прокуратура бәріне жер белгілегне. 

Жедел басқару орталығын салу да күн тәртібінде. Одан әрі күн тәртібіне алаяқтық мәселесі шығарылды. Мәселен, ағымдағы жылдың 5 айында 155 алаяқтық фактісі тіркелген. 

Жандос МҰХАТОВ Ұлытау облыстық ПД бастығының орынбасары 

Жезқазған бойынша 68,Сәтбаев бойынша 69,Қаражал 4, Жаңаарқа 9,Ұлытау 5 факті. Және олардың ішінде 52 жалпы алаяқтық қылмыс ашылған. Келтірілген залал мөлшері 478 млн 944 теңгені құрайды. 

Иә,қазіргі таңда алаяқтық белең алып барады.Сондықтан  тәртіп сақшыларын ескеруіне елеп сақтанған жөн.  Жиында аймақ басшысы бұл бойынша жұмысты күшейту қажет деді. 

Берік ӘБДІҒАЛИҰЛЫ Ұлытау облысының әкімі 

Алаяқтық белең алып келеді,технолгия дамыған сайын. Жұмысты күшейту қажет. Анықтау, жазалау керек. Бізден қандай көмек керек болған жағдайда көмек береміз. 

Жиында облыста құқықтық тәртіп пен қауіпсіздік деңгейін арттыу жөніндегі 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарлар жайлы айтылды. Және де жиын соңында облыс әкімдігі жанындағы құқық бұзушлықтардың алдын-алу жөніндегі ведомствааралық комиссияның 2024 жылдың 3 тоқсанына арналған жұмыс жоспары бекіді.  

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты