Қазақстан полициясы – қоғамдағы құқықтық тәртіпті, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін еліміздегі аса маңызды құрылымдардың бірі. Осыдан тура 2 жыл бұрын Ұлытау облыстық полиция департаменті құрылды.
Қайыркен ӘЛИЕВ Ұлытау облыстық ПД бастығы
Сол сәттен бері жеке құраммен бірлесе отырып, ардагерлермен біреле отырып талай жақсы көрсеткіштерге жеттік. Өздеріңізге мәлім, статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, 2 жылдың өзінде де жыл сайын қылмыстың саны тіркелуінің өзі азайып келе жатыр.қазіргі таңда 25 пайызды құрап отыр. Бұның өзі жақсы көрсеткіш. Осының барылығы жеке құрамның арқасында.
Облыстың бас полицейі жұмыста жоғары нәтиежелерге қол жеткізген бірқатар полицейге арнаулы атағын тапсырды.Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Полиция қызметіне 30 жыл» төсбелгісі, Ұлытау облысы Полиция департаменті бастығының грамотасы, алғыс хаты берілді.
Иә, қауіпсіздікті қадағалап, тыныштықты күзететін сақшылардың қызметі қашан да қарбалас әрі мақтаныш. Полицейлердің кәсіби мерекесінде асқан қырағылық пен табандылықты талап ететін қызмет иелеріне осылайша құрмет-қошемет көрсетілді.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ