«Clever Kids» оқу орталығының басшысы Раушан Тукеева бұл игілікті кәсіп етіп, мол табыс табу үшін ашпаған. Негізгі ниет сол – балалардың заманануи білім алуына жағдай жасау. Шетелдік білім беру әдісімен шәкірт тәрбиелеу арқылы бүгінде еліміздің білім саласына сүбелі үлес қосуда. Қазір мұнда 40 тан астам бала ағылшын тілін меңгеруде.
Оқу маусымында үздік нәтежие көрсеткен 10 оқушыға осы орталықта бір айлық тегін курсқа сертификаттар табыс етілді. Ағылшын тілін меңгеру заман талабы. Сондықтан да орталық ересектер үшін де ашық. Тағы бір артықшылығы- әр сенбі сайын айлтсқа дайындайды. «Clever Kids»-тың жұмысына ата-аналар да дән риза.
Баланың мамандық таңдауына да, жаңа достар тауып, қанаттануына да сеп болатын осындай оқу орталықтары. Өнер мен еңбекке, адал достыққа үндеген бұл күн балалар жадында қалатыны сөзсіз. Айта кетейік, ортылық басшысы табиғат аясында балалардың демалысын ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.
ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ