ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Тергеу желісі бойынша атқарылған жұмыстар

Бөлісу:

Істер бойынша залал мөлшері 130 млн теңгеден астам соманы құраған, оның ішінде 43 млн теңгесі өндірілген, 48 млн теңгеден астам сомаға мүлікке тыйым салынған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың есепті кезеңінде бірқатар қылмыстық істер бойынша үкімдер шығарылған. 

Марғұлан КАЛИАКПАРОВ Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

Оның бірі Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының директорына қатысты.Айыпталушы алдын ала тергеу барысында келтірілген барлық материалдық залалды өз еркімен ақша түрінде өтеді. Орталықтың 29 зейнеткеріне жеке карточкалық шоттарына 32млн  549 000 теңге аударды. Сондай-ақ мемлекеттік бюджетке  12млн 163 000 теңге сома төледі. Ұлытау облысының екі азаматына қатысты жарнама және қаржылық пирамидаға басшылық фактісі бойынша да іс қаралды. 

Облыстың аталған азаматтары 9 айдан астам уақыт бойы «MetaGo» қаржылық пирамидасын жарнамалаумен айналысып, оның Жезқазған қаласы аумағындағы құрылымдық бөлімшесін басқарды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында аталған адамдардың заңға қарсы қызметінен келген залал мен кіріс сомасы 68 млн теңгеден астам болды, бұл ретте 37 млн теңгеден астам сомаға мүлік тыйым салынды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды, бірақ аталған сот өкімі шағымдану мерзімдеріне байланысты заңды күшіне еңбеген. 

Марғұлан КАЛИАКПАРОВ Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

ағымдағы жылдың мамыр айында коммерциялық сатып алу фактісі бойынша Жезқазған газ шаруашылығының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс аяқталып, сотқа жіберілгенін атап өту 

қажет.Лауазымды тұлғалар тұрғындардан монтаждау жұмыстарын кедергісіз қабылдағаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы алған.Және де сотта бюджеттік ақшалай қаражатты ұрлау, мұнай мен мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдау, сатып алу, өткізу, сақтау, сондай-ақ коммерциялық сатып алу фактілері бойынша қылмыстық істер қарастырылып жатыр.

Жалпы департамент Ұлытау облысында қызмет атқарғанына 2 жылдан асты және құрылған күннен бастап  экономикалық құқық бұзушылықтарды анықтау, тыйым салу, тергеу және алдын-алу бойынша өз өкілеттіктерін толық көлемде іске асыруда.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,БЕКЖАН МАРАТҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты