ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

ЖАҢАРУ РҚБ Жезқазғанда

Бөлісу:

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамның құқықтық сауаттылығын арттыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізі» атаулы Әлеуметтік Жобаның аясындағы жүздесу Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті ғимаратында өтті. Мәдениет және ақпарат министрлігінің жанындағы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен қолға алынған жоба осымен екінші мәрте ұйымдастырылуда.

Штаб мүшелері жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алу бағытындағы түрлі бағдарламалармен таныстырды. Қазір, Қазақстан жемқорлық рейтингісі бойынша әлемде 93 ші орында екен. 

Жүздесуге жиналғандар тақырып аясында пікір алмасып, спикерлерге сауалдарын қойды. «Жаңару» жалпыұлттық қозғалысының құрамы жезқазғандықтарды Ұлытау облысының құрылуымен құттықтап, жаңа облыстың жарқын болашағына сенімді екендіктерін жеткізді.

Айта кетейік, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің жанынан жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрылған. Аталған комиссия әр ай сайын жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізіп отырады. 

Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты