Аталған жүздесу жиынын университет ректоры Әбділмәлік Тәкішев ашып, жүргізіп отырды. Алдымен вице-министр ғылым және жоғары білім саласын дамыту бойынша министрлік тарапынан қолға алынған жобалармен таныстырып, атқарылған жұмыстарды баян етті.
Өкінішке қарай, Ұлытау облысы бойынша әзірге жалғыз жоғары оқу орны бар. 1500 жуық студенті бар Жезқазған университеті мемлекеттік тапсырыс аясында да жұмыс істейді. Дархан Ахмед-Заки болашақта барлық облыс пен респ маңызы бар қалалардағы университеттер жанынан тек қана ғылыммен айналысатын жеке орталықтар ашылатындығын айтты...
2030 жылға қарай елде инженерлік-техникалық салада 460 мыңнан астам кадр қажет болады деп күтілуде. Бұл ретте - Әр өңірде «Мамандығым-болашағым» жобасы аясында кәсіптердің өңірлік карталары әзірленуде. Мәселен, ауылшаруашылығы дамыған аймақта – ауылшаруашылық мамандары, өндірісті өлкеде – өндіріс мамандары дайындалатын болады.
Жүздесу барысында студенттер мен оқытушылар саладағы мәселелерге байланысты сұрақтарын қойды. Кездесуден кейін вице-министр азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады...
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы