ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Сарыарка аймақ жаршысы

Бөлісу:

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қалай керек болса, халыққа газет те сондай қажет» деген орамды ойы өміршеңдігін әлдеқашан дәлелдеген. Бүгінде ақпарат кеңістігіне теледидар мен интернет ресурстар қосылғанымен, дәстүрлі басылымның орны қашан да ерек.«Saryarqa» газетінің ең алғашқы нөмірі 1973 жылы 13 сәуірде жарыққа шыққан. Осыншама уақыт ішінде аймақ жаршысы, халықтың тыныс-тіршілігінен, облыстың экономикалық бағыттағы жаңалықтарынан хабардар етіп, өзінің тұрақты оқырмандарын тауып үлгерді. Сүйекті мақалалары, тың дүниелерімен көпшіліктің көңілінен шығып отыр.Газет бетіне шығатын әр дүниенің шынайылығы мен көркемдегіне аса мән беріледі дейді басылымның бас редакторы. 

Жаннұр ТІЛЕМІСОВА «Saryarqa» облыстық газетінің бас редакторы

 Жаңадан Ұлытау облысының құрылуына байланыста “Сарыарқа” газеті 2022 жылы қайта тіркеуден өтіп, облыстық статус алған. Бүгінде сол аға буынның ізін жалғап газеттің жаңа форматта шығуына,оқырманның ортасының көбеюіне жұмыс жасап жатырмыз. Барша журналистер қауымын келе жатқан мерекелірмен құттықтаймын.  

Бүгінде басылымда бас аяғы 10-нан аса адам қызмет етеді. Газет қабырғасынан қаламгерлердің талай буыны түлеп ұшты. Жаннұр Тілемісова басқаратын ұжымда Қазақстан журналистер одағының мүшесі Ізтай Белгібайұлы секілді тәжірибелі маман қазір жастарға ақылшы болып,бар білгенімен бөлісіп отыр. 

Ал, жас тілші Еркебұлан Камалиев  қаланың қоғамдық һәм мәдени өмірінен жұршылықты хабардар етіп отырады. Есімдері газет бетінде көрініс таппаса да, газет қызметіне, оның өсіп-өркендеуіне бір кісідей ат салысып жүрген ұжымдағы өзге азаматтар қаншама.   

Еркебұлан КАМАЛИЕВ «Saryarqa» облыстық газетінің журналисі

51 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ГАЗЕТТЕ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІНІМЕ ҚУАНАМЫН. ОСЫ ҚОҒАММЕН БІРГЕ ҚАТАР ҚАТЫНАСТА ӘР АЛУАН АҚПАРАТТАР ЛЕГІНДЕ, ХАЛЫҚТЫҢ МҰҢ МҰҚТАЖЫН ЖЕТКІЗІП БАҚ ОРНЫ ЕРЕКШЕ. ЖУРНАЛИСТИКА ҚЫЗЫҒЫ МЕН ШЫЖЫҒЫ ҚАТАР ЖҮРЕТІН МАМАНДЫҚ ҚОЙ.

Тағы айта кетерлігі, заман талабына сай басылымның бүгінде өз сайты да бар. Газет 8 бетпен аптасына бір мәрте шығады. Таралымы 4000данадан астам. Ақ пен қара, оқырман отауы, балбұлақ, тылсым сынды арнайы беттері бар.Мәселен, газеттің оқырман отауы деген арнайы беті елдің мұңын айтып, жоғын жоқтауға бағытталған оқырманнан келіп түскен хаттарға арналған. Жезқазған-Ұлытау аймағының үніне айналған газет жаһандану заманында уақыт сұранысына сай  қызмет істеп келеді. Мақалалары мәнді, дизайндері сәнді, Арқадағы басылымдардың алды. Қаламдарыңыз қашан да жақсылықтың жаршысы болғай, құрметті әріптестер!

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,ДУМАН ОРАЗОВ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты