ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Ұлар" сыйлығы табыс етілді

Бөлісу:

Қалам мен қағаз, камера мен микрофонды серік еткен жандар үшін бұл күннің маңыздылығы ерекше. Билік пен халықтың дәл ортасындағы алтын көпір саналатын БАҚ өкілдерін кәсіби мерекемен алдымен облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов пен облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов құттықтап, үздіктерге Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті...

Әрі қарай Қазақстан Журналистер одағының Ұлытау облыстық филиалының төрағасы Ахат Құрмансейітов бірнеше қаламгерге Одақтың алғыс хатын ұсынып, ақпарат ардагері Абдоллла Дастановқа «Қазақстанның құрметті журналисі» атағын табыстады. Содан кейін тілшілер тобы тағатсыздана күткен «Ұлар» сыйлығымен марапаттау рәсімі басталды. Бұл ретте, айта кетейік аталған сыйлықта екі аталым бойынша «Ұлытау» телеарнасының қанжығасы майланды. «Жылдың үздік шығармашылық жұмысы» - арнаның кретивті директоры Базаркүл Үмбетоваға бұйырса, «Белсенді өмірлік ұстанымы» аталымында Гүлім Маратқызы топ жарды.

«Мамандыққа адалдығы үшін» аталымында - «Жезказганский вестник» газетінің тілшісі Валентина Одинцова оза шапса, «Шаңырақ» номинациясын  -  «Ақшам» телеарнасының бас редакторы Алтынгүл Төлегенова алды. «Экономикалық тақырыпты үздік жариялағаны үшін»  - «Сарыарқа» газетінің тілшісі Меруерт Наурызбаева марапат биігіне көтерілсе,  «Өзекті мәселелерді үздік жариялағаны үшін» аталымында – «Подробности» газетінен Юлия Высоцкая жеңімпаз атанды. «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» аталымы - «Жаңаарқа» газетінің,

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпты үздік жариялағаны үшін» - «Шарайна» газетінің ұжымы марапатталды. «Ауыл тақырыбын үздік жариялағаны үшін» аталымын - «Ұлытау» газетінің бас редакторы Альмира Оспан жеңіп алды. 

«Өндіріс тақырыбын үздік жариялағаны үшін» номинациясына – «Мысты өңір» газетінен Бағдат Қазкенов лайық деп танылса, «Мәнер мен атқарымдылық үшін» - «Қазыналы өңір» газетінен Айгүл Байпеловаға құрмет көрсетілді.  Ал, таспагерлерге арналған «Объектив шебері» аталымы «Хабар» телеарнасының операторы – Нұрбол  Үздікбаевта. Барлық үміткерлерге 500 мың теңгеден сыйақы берілді. Басты аталым - «Ұлытау облысының журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйлығы мен 1 млн.теңгенің сертификаты майталман журналист Амандық Рахұлына табысталды. 

Биыл алғаш рет берілген Әлем халықтары жазушылары Одағының мүшесі, танымал журналист Тоғанбай Құлманұлы атындағы сыйлық та осын жиын да өз иесін тапты. Аталған сыйлықтың алғашқы лауреаты «Ұлытау» телеарнасының шеф-редакторы Гүлім Маратқызы атанды. Салтанатты шара мерекелік көңіл күймен мәреге жетті.

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты