Семинар-кеңесті Ұлытау облысы әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Дастан Есенбеков ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелер – мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша жұмыстары жандандыру бағытында болды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселемен – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша Агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің жергілікті атқарушы органның мемлекеттік қызметшілерін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартуды талдау нәтижелері аясындағы шешімдер қаралды.
Аталған форматтағы семинар-кеңестер тоқсан сайын ұйымдастырылып тұрмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы