Көшпелі отырыстың Күн тәртібіндегі басты мәселе: Ұлытау ауданы ардагерлер кеңесінің өлке тарихы мен ескерткіштері негізінде жастарды Қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу үрдісін одан әрі дамытуға бағытталған жұмыстарды жандандыру. Алқа отырысына облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейтов, аудан әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Қайрбек, аудандық маслихаттың төрағасы Ахат Құрмансейітов, аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы Серік Тәшенов арнайы қатысты. Жиналғандар тарихи ескерткіштердің Тәуелсіз Қазақстандағы маңыздылығы туралы айтты.
Жиын барысында аудан әкімінің міндетін атқарушы - ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша қысқаша ақпарат беріп, күн тәртібіндегі көтерілген сұрақтар бойынша сала мамандары баяндама жасады.
Жиын соңында Ұлытау аудандық ардагерлер кеңесін ұзақ жылдар бойы абыроймен басқарған Әлімбек Жандарбеков Ұлытау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, Сарысу ауылының ардагерлер кеңесінің төрағасы Жамсап Әшенов "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің "Құрмет Белгісі " төсбелгісімен марапатталды.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау»