Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының шешімімен 1987 жылдан бастап күнтізбеге енген датаның маңыздылығы ерекше. Жер бетінде миллиондаған өмірлерді алып кетіп жатқан нашақорлық дерті - әлемдік трагедия. Ұлытау облысының полиция департаментінің Есірткі қылмыстарына қарсы іс қимыл басқармасның бастамасымен қолға алынған акцияда белсенділік танытқандарға осы кеште құрмет көрсетілді...
Бір айлық акцияда Ұлытау облысы полиция департаменті қызметкерлеріне - облыстық Жастар Рухы мен ерікті жастар және қала жанашырлары қолдау көрсеткен.
Бүкіләлемдік дертке арнайы мамандар ғана емес, қоғамның әрбір мүшесі қарсы күрес жүргізе білгенде ғана мәселенің шешімі табылмақшы дейді акция ұйымдастырушылары.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы