Қоқыс мәселесі – облыс орталығындағы өткір проблемалардың қатарында. «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында апта сайын бірнеше сенбілік ұйымдастырылып жатса да, аула алдындағы қоқыс контейнерлерінің жан-жағы бір қалыпқа келер емес. Ендігі бұл мәселені жергілікті билік – полиция басқармасымен бірлесе шешпек.
Қазір жаз мезгілі болғандықтан көптеген тұрғындар пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Ал, одан шығарылған құрылыс қалдықтары мен ескі жиһаздарды қоқыс жәшіктерінің маңына тастауда. Негізінен габаритті емес қоқысқа жататындарды азаматтар өз күштерімен қала сыртындағы полигонға апару керек. Бұл ретте – тәртіп күшейтілетін болмақ. Жыл басталғалы осындай оқиғалар бойынша 195 хаттама толтырылған...
Аталған жиынға «Сәт Тазалық» мекемесі де арнайы қатысты.
Тұрмыстық қатты қалдықтарды тастаған тұрғындарға 5 АЕК айыппұл салынады. Әрине, алдымен ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілетін болады.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы