ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Заманмен үндескен басылым

Бөлісу:

«Мысты өңір» басылымы 1988 жылдан бастап жарыққа шығады. Газеттің өзіндік тарихы бар. Әсіресе, аты айтып тұрғандай мысты өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына орасан зор үлес қосып отырған байытушылар мен балқытушылар, кеншілер қауымының тыныс-тіршілігін жан-жақты жазып, мыс алыбының шежіресін қаттап келеді. Сондай-ақ облыстың да тыныш-тірішілігін түгендейді. Газет 8 бетпен аптасына бір мәрте шығады. Таралымы 4000данадан астам. Ұлытау облысына ғана емес, Қарағанды, Балқаш қаласы мен Қызылорда,Түркістан облыстарына да тарайды. Арнайы сайты да бар.  Газеттің сипаты мен салмағы, мазмұны мен мәні тікелей басшыға байланысты екені белгілі. 

Төлеш АСАНОВ «Мысты өңір» газетінің директор-бас редакторы

Бұл басылым 2021 жылы өзінің форматын өзгертті. Бұрын А3 форматында шықса, 2021жылдың күзінен бастап еуропалық д2 форматында жарық көріп келе жатыр. Оның ерекшелігі, көрнеклігі, сыйымдылығы. Бұрыңғы форматқа қарағанда материал көбірек сыяды. 

Әрине, газет жасау, газет шығару оңай емес. Қызығы мен шыжығы қат-қабат жүретін аса зор шаруа. Тек форматы өзгермей, мазмұны да өзгерген газеттің. Мықты басшы бар жерде – мықты ұжым бар.  Яғни, басылымда қызмет атқаратын  6 тілшінің 3-еуі Қазақстанның Құрметті журналисі. Ал, газеттің аға тілішісі Бағдат Қазкенов кеше ғана Ұлытау облысы әкімінің «Ұлар»сыйлығының «өндірістік тақырыпты үздік жариялағаны үшін»аталымына ие болды. 

Бағдат ҚАЗКЕНОВ «Мысты өңір» газетінің аға тілшісі 

2017 жылдан бастап «Мысты өңір» газетінде еңбек етіп клее жатырмын. Газет бетіне әсіресе өнідіріс жайлы жазамын. Еңбек адамдарын насихаттаймын. 14жылдың ішінде менің шыңдалу мектебім болған 2 газет. Бірі Шаранйна,болса бірі осы Мысты өңір. 

Мысты өңірдегі басты жаңалық- Жауқазын қосымшасының шығуы. Алғашқы нөмірі балалар күні қарсаңында жарық көрді.  Айта кету керек-облыста балалар басылымы жоқ. Жауқазын –аймақтағы балалардың шығармашлығын дәріптейтін алғашқы басылым.   Түрлі-түсті 8 беттен тұратын газет айына 1 рет оқырманға жол тартады. 

Төлеш АСАНОВ «Мысты өңір» газетінің директор-бас редакторы

Мұндағы мақсат- балалрдың өмірге деген көзқарасын қалыптастыру, балалардың шығармашылығын көрсету.  

Басылымның өндіріс және өмір, әлеумет, тарих толқынында,қоғам, дүние-дүрмек,шарайна,апта тынысы секілді арнайы айдарлары бар. Бұл оқырманның оқуына да тиімді. 36 тарихы бар газет өңірдің тынысы мен тұрмысына қатысты әлеуметтік мәселелер мен түйткілді түйіндерді ұдайы назарда ұстайды.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ,АЙДОС ӨМІРБЕКҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты