ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Ұлытаудың жаңалығы бар

Бөлісу:

1959 жылы инженерлер идеясымен мысты шаһарда әуесқой телевизиялық студия құрылды. 1965 жылы Жезқазған кен-байыту комбинатының қомақты қаражатын тарта отырып, әуесқой телевизиялық студия базасында оны қайта құру жұмыстары жүргізілді. Содан бері, біздің телеарна - киелі өңірдің жағымды жаңалықтарын да, жанайқайларын да жұртқа жүйелі түрде жеткізіп келеді. Кешегі «Дидар» - бүгінгі «Ұлытау» – жас облыстың басты ақпарат арнасы...

Телеарна архивінде – Жез қаланың қазығы қағылған күннен бастап, қазіргі күнге дейінгі аралық сол қалпында сақтаулы. Тасқа басылған тарих – таспа болып сөйлейді. Қолға алынып жатқан жаңа жұмыстар жүйелі жолға қойылуда.

Арнаның жаңалықтар қызметі аптасына 5 күн бойы, екі тілде эфирге шығады. Телеарна тілшілері күнделікті орын алып жатқан айшықты оқиғалардан сюжеттер мен арнайы репортаждар әзірлеп, көпшілікті құлағдар етеді. Уақыт көшімен алға жылжып келе жатқан арнаның алға қойған мақсаттары да жетерлік! Мереке құтты болсын, құрметті әріптетестер!

Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы,  телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты