Аталған жиынға облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Ыдырысов пен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Ерлан Жолдыбаев және басқарма басшылары мен сала мамандары қатысты. Өңірлік комиссияның есебі тыңдалып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы атқарылып жатқан жұмыстар баян етілді.
Жиында күн тәртібінде қаралған мәселелердің негізгі бағыты: Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарында алдын алу шаралары жөнінде болды.
Сонымен қатар, өңірге қарасты қала аудандарғы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары баян етілді. Салаға жауапты департамент басшылығы ішкі талдау жүргізу жұмыстарын әрі қарай жалғастыра бермек.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы