Эльвира Алпанбаева - Ұлытаудың қызы! Тумысынан – тауға қарап өскен жанның ақпарат айдынындағы тәжірибесі 20 жылдан асады. Қолындағы қаламы – жолындағы жақсы күндердің айнымас серігіне айналған журналист – бүгінде қиын да қызықты саланың майталманына айналған...
Эльвира Қадыржанқызы жетекшілік ететін «Жезказганский вестник» басылымына биыл тура 10 жыл! Алғашқы күннен бастап өз күшімен ашып, өз күшімен қатарға қосқан газеті – қос тілде жарық көретін маңдайалды басылымдардың бірі. Күні кеше Ақордадан «Ерен еңбегі үшін» медалімен оралған әріптесіміз – бұл құрмет тұтас Ұлытау журналистикасына жасалған құрмет деп білемін дейді.
«Ақпарат саласының үздігі», «Халық алғысы» медальінің иегері. Бірнеше құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары! Мұның бәрі төккен тер мен еткен еңбектің лайықты бағасы!