Бүгінгі таңда облыста 77 мемлекеттік орган мен 36 квазимемлекеттік сектор субьектісі анықталып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы мелімдеді.Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы баяндамалар тыңдалды.
Жаслан Хамитов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары
Тоқсан сайын облыстың барлық белсенді мүшелерін қоғамдық кеңес отырыстарына жинаймыз. Бүгінгі таңда ұжымдық жұмыста оң өзгерістер байқалуда. Дегенмен, салауатты және жемісті ынтымақтастықты жалғастырудың әлеуеті зор екеніне сендігім келеді, бірақ тиімділік арттыру үшін бірігу жеткіліксіз. Баршаңызға белгілі, біз сыбайлас жемқорлыққа жол беретін ең осал нақты салалар анықталған жерлерге жемқорлық тәуекелінің картасын іске қостық.
Кездесу барысында әлеуметтік нысандар құрылысының түйткілді мәселелері талқыланды. Айта кетелік, бұған дейін департамент жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселері бойынша арнайы облыстық комиссия құрылған болатын.
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, СЕРГЕЙ МАЙКОВИЧ ҰЛЫТАУ ТЕЛЕАРНАСЫ