Ақшаңқаң киіз үйлер тігіліп, көшпенді елдің – көшелі дәстүрі мен көне жәдігерлері һәм ұлттық тағамдары дәріптелген шараға облыс әкімінің міндетін атқарушы Алмаз Ыдырысов арнайы қатысты. Алдымен көптің назарына ұлытаулық қол өнер шеберлері дайындаған көрме ұсынылып, Шеберлік сыныптары таныстырылды.
Әу баста Ұлытау даласына туристер тарту мақсатында туындаған жоба жыл санап ауқымын кеңейте берді. Нәтижесінде, бұл мерекелік дәстүрлер 2015 жылы Қазақстанның материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енгізілді. Идея авторының айтуынша – «Көкмайса» халықаралық деңгейге көтерілер күн де алыс емес...
Аталған фестивальдің биылғы жүлде қоры 4 млн теңгені құрады. Соның аясында 11 спорт түрі бойынша жарыс ұйымдастырылды. Фестивальді тамашалауға өзге өңірлерден де қонақтар келген...
Түбіміз - түркі, түлігіміз – жылқы. Аталы сөзге дәлел іздесеңіз Ұлытауға ат басын бұрыңыз. Түйіндей айтқанда, торқалы тойға жиналғандар ұлттық рух салтанат құратын «Көкмайсаның» ауқымы кеңейе берсін деп тарқасты...
Мұқағали Сейтқазы, Айдос Өмірбекұлы, «Ұлытау» телеарнасы