Аталған кездесуге «Ақ Жол» партиясының Ұлытау облысындағы белсенділері мен өңірдегі зиялы қауым өкілдері және бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері қатысты. Жүздесудің негізгі мақсаты: жас облыстың рухани тыныс тіршілігімен танысып, айтары бар азаматтардың ой пікірін тыңдау. Алашқа алдымен ақын болып танылған депутат жұмыс сапарын ұлт ұясы – Ұлытаудан бастау себебін былайша түсіндірді...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында Жошы ұлысының 800 жылдығын мемлекеттің деңгейде атап өтуді тапсырған болатын. Аталған бағытта қолға алынуы тиіс жұмыстар осы жиында сөз етілді...
Мәжіліс депутатымен кездесуде көтерілген сұрақтар – «Ақжол» партиясының да назарында болмақ. Айта кетейік, Қазыбек Исаның жұмыс сапары бүгін Қарағанды облысында жалғасын табуда.
Мұқағали Сейтқазы, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы