ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыстық мәслихат сессиясы

Бөлісу:

Сессияны облыстық мәслихат төрағасы Бауыржан Шыңғысов  ашып, жүргізіп отырды. Алдымен әдеттегідей күн тәртібі бекітіліп, сессияның есеп комиссиясының құрамы сайланды. Үшінші мәселе бойынша 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджетке - Ұлытау облыстық мәслихатының 2023 жылғы 13 желтоқсандағы шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Бұл жөнінде облыстық экономика басқармасының басшысы Виктория Ставицкая кеңінен айтып берді. Сондай-ақ, сессия барысында Ұлытау облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Одан кейін Ұлытау облысының қалалары мен елді мекендерін абаттандыру мәселелері және ауылдық жерлерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медицина мамандарға бюджет қаражаты есебінен қолдау көрсету тәртібі мен мөлшері талқыланды.

Сабина Сабырова, Ұлытау облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары

-(Өңірдегі медицина мамандарының тапшылығына байланысты біз -Жаңаарқа және Ұлытау аудандарына баратын дәрігерлерге 8 миллион теңгеден, облыстық маңызы бар медициналық ұйымдарға 7 миллион, Сәтбаев және Қаражал қалаларына баратын мамандарға 6 миллион теңге көтерме сыйақының бір рет берілуін ұсынамыз)

Сессия барысында көтерілен сұрақтар мен берілген өзге де ұсыныстар депутаттар тарапынан қолдау тапты. 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау» телеарнасы

 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты