ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Балалар ойнайтын алаңқай жоқ

Бөлісу:

Деев көшесі 5 үйдің алдындағы алаң қазір көлік қоятын тұраққа айналған. Осыдан 1 жыл бұрын ойын алаңын сүріп, жаңадан саламыз деп уәде берген әкімдік. Сонымен алаң сол күйі салынбаған, балалар қазір өзге аулаларға сабылуға мәжбүр. 

Шолап ҚАДЫРСЫЗҚЫЗЫ Жезқазған қаласы Деев көшесі 5 үйдің тұрғыны 

Жаңадан саламыз деді, 1 жыл болды. Площадка жоқ. Қайтадан орнатпай ма, бұзып алып кеткеннен кейін. 

Уанас ЖАНАЙДАРОВ Жезқазған қаласы Деев көшесі 5 үйдің тұрғыны

Әкімшілік қайда қарап отыр. Келіп халықпен жүздеспей ме,айтпай ма? Қаншама бала бар мына үйлерде. Ойнайтын жер жоқ. Жігіттер келді жолықтым,саламыз деді, тағы қалды. 

Тұрғындардың шағымы бойынша әкімдіктен хабар алмақ болып бардық. Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің аббаттандыру бойынша бас маманы Жансая Дүйсен балаларға арналған ойын алаңы салынатын тізім бар. Алайда.. 

Жансая ДҮЙСЕН Жезқазған қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің аббаттандыру бойынша бас маманы

Деева 5 баскетболный поля болады, ойын алаңына орын жоқ. Осы тамыз айының ортасына дейін баскетбол алаңы салынып бітеді. 

Яғни, баскетбол алаңы болады бұл жер. Ал, тұрғындар ойын алаңы керек, басқа үйдің алдына балаларымызды жіберіп жанымызды шүберекке түйіп отыра алмаймыз дейді.  Әкімдік берген мәлімет бойынша 5ші үйдің маңында орналасқан 1 үйдің жанынына ойын алаңы салынады. 

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты