Биыл елімізде көлемі жағынан соңғы 80 жылда болмаған су тасқыны орын алды. Айтып келмейтін апат барысында төтеншеліктер мен түрлі сала өкілдері және тұрғындары бірлесе жүмыс атқарды. Ел басына күн туғанда, етікпенен су кешкен азаматтарды облыс әкімінің орынбасары Ұлантай Үсенов арнайы құттықтап, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Айта кетейік, көктемгі су тасқыны кезінде біздің өңірде 22 үйге су кірді. 5 үй апатты деп танылып, қалған 17 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Марапат биігіне көтерілгендер – тасқынға ел болып тосқын бола білдік дейді.
Жиын соңында марапат иелерінің құрметіне Т.Қалмағанбетов атындағы филормония өнерпаздары патриоттық намысты асқақтатар рухты әндер шырқады.
Мұқағали Сейтқазы, Айдос ӨМірбекұлы, «ҰЛытау» телеарнасы