ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жанар жағармаймен заңсыз айналысқандар анықталды

Бөлісу:

Облыста департамент құрылғалы жанар-жағармай материалдарының заңсыз айналымымен байланысты 5 қылмыстық іс тіркеліп,  айыптау актімен сотқа жолданған, оның ішінде 2 қылмыстық іс бойынша сот шешімдері шығарылған. Барлық айыпталушы тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылды.  

МАРҒҰЛАН КАЛИАКПАРОВ Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары

Мәселен 2020-2023 жылдар аралығында Ұлытау өңірінің тұрғыны iрi мөлшерде олардың шығу заңдылығын растайтын құжаттарсыз дизель отынын заңсыз тасымалдаумен, алумен, сатумен және сақтаумен айналысқан. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аталған азаматтың тұрғылықты жері бойынша анықталып, контейнерінде көлемі 7,3 мың литр дизель отыны бар «Камаз» автокөлігі тәркіленіп, қамауға алынды. Қазір іс сотқа жолданып, қаралуда. 

Қазақстан Үкіметі Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралардың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіткен болатын. Жоспар салықтық және кедендік әкімшілендіруді жетілдіруге, тиімді бәсекелестік пен бюджетті бөлуге, халықты заңсыз бизнестен қорғауға бағытталған жүйелі шараларды жүзеге асыруды көздейді. 2025 жылға қарай көтерме және бөлшек саудадағы көлеңкелі айналымды 5%-ға дейін төмендету жоспарланып отыр. Көлік саласында 2,4% көрсеткішке қол жеткізу жоспарланған. Осылай деген, Ұлытау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Марғұлан Калиакпаров көлеңкелі экономикамен күресті одан әрі жалғастырып, халыққа ақпарат жеткізіп отырамыз деді.

ГҮЛІМ МАРАТҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ «ҰЛЫТАУ»ТЕЛЕАРНАСЫ 

[media=https://youtu.be/Js_Oox_s6rg]

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты