Қойнауы қазынаға толы өңірде бой көтерген Жезқазған қаласы мен Қаныш Сәтбаевтің есімі егіз ұғымға айналған. Тау тұлғаға тағзым ету шарасына облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, ҚР Парламенті сенатының депутаты Советбек Медебаев, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Төлеген Бүкіров және өзге де кәсіподақ, жастар ұйымдарының жетекшілері, еңбек ардагерлері мен қоғам белсенділері қатысты.
Биыл атақты ғалым Қаныш Сәтбаевтің – 125 жылдығы. Қаныш тапқан қазына – жас облыстың жасампаз қадамдарына тың серпін беруде.
Салтанатты шара «Байқоңыр» кешенінде жалғасын тапты. Жиында облыс әкімі мен халық қалаулылары және «Қазақмыстың» басшылығы құттықтау сөз сөйлеп, бірқатар металлургтерге «Құрметті металлург», «Еңбек ардагері», «Еңбек даңқы» төсбелгілерін табыс етті.
Металлургия саласының өркендеуі – мемлекет дамуының да даңғыл жолы. Асқан жауапкершілік пен ептілікті қажет ететін мамандық иелері еткен еңбек пен төккен тердің бағаланғанына дән риза.
Салтанатты жиын жергілікті өнерпаздардың ән шашуымен қортындыланды.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, Мейіржан Мейрамұлы, «Ұлытау» телеарнасы