ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жаңа заң күшіне енді

Бөлісу:

Жаңа заң қабылданғаннан кейін еліміздің құқық қорғау органдарына бірқатар міндет жүктеледі. Сонымен заң күшіне енгеннен кейін әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғау барынша күшейтілетін болады. Президент қабылдаған отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы Заң, шын мәнінде, мемлекеттің теңдік пен заң үстемдігі қағидаттарына басымдық береді.

Анар Әлжанова, Ұлытау облысының кәмелетке толмағандар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы

Бұл заң әйелдердің құқықтарын қамтамасыз етуге, сондай-ақ балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Оларды зорлық-зомбылықтан, оның ішінде отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау. Бұл заң күшіне енді, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске бірқатар өзгерістер енгізілді. Кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық зомбылыққа байланысты адамдардың қылмыс жасауы кезінде неғұрлым жеңіл жаза тағайындауға тыйым салынды

Жалпы, заңды үш негізгі блокқа бөлуге болады. Бірінші блок-профилактикалық қызметті заңнамалық реттеу, балаларды қолдау орталықтарын құру, өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларды анықтайтын және осы отбасыларды әлеуметтік оңалту мен бейімдеу бойынша кешенді шаралар қабылдайтын мониторингтік топтарды құру және заңдастыру. Екінші блок-балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген түрі үшін жауапкершілікті күшейту. Үшінші блок-балаларға қатысты заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды күшейту.

Перизат Дәлкенқызы, Айдос Өмірбекұлы, Сергей Майкович

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты