ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

"Орман" профилактикалық іс - шарасы

Бөлісу:

Ұлытау облысының аумағында екі орман учаскесі орналасқан, ауданы 21 843 гектарды құрайтын "Қараағаш " Жаңаарқа орман шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі және ауданы 58 912 гектарды құрайтын "Ұлытау" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі. Профилактикалық іс-шараға Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері, өрт сөндіру бөлімі, орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме қызметкерлері, орман өрт сөндіру станция қызметкерлері, жедел жәрдем, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері және ерікті өртке қарсы құрылым қызметкерлері қатысты.

Асылхан Әбікенов, Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері

Облыс аумағында ағымдағы жылдың 8 сәуірінен бастап өрт қауіпі кезеңі басталды. Өткен жылдардағы өрт қауіпті кезеңдерді талдау нәтижесінде дала мен ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелері мен талаптарын сақтамау салдарынан ауыр зардаптардың туындау мүмкіндігі анықталды. Облыс аумағында қаражаттың аумақтық топтары анықталып және профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде.//

Кадр сыртында: бүгінгі таңда Ұлытау облысының аумағында 47 елді мекенді өрттен қорғаумен қамтамасыз ететін 21 өрт сөндіру бекеті құрылды. Бекеттердің материалдық техникалық жарақтары 27 бірлік АЦ өрт сөндіру автокөлігі, 8 дана тіркемелі су тасу құралымен жабдықталған. 2024 жылы тағы 3 өрт сөндіру бекетін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, өрт қауіпті кезеңде төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері фермерлік шаруашылықтар мен бау-бақша қоғамдарының басшыларымен дөңгелек үстелдер, оқу-жаттығулар, дәрістер мен нұсқамалар өткізеді.

Перизат Дәлкенқызы, Сергей Майкович, Ұлытау

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты