ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыс әкімі тұрғындарды қабыылдады

Бөлісу:

Облыс басшысының жеке қабылдауында кірген «Қорғау Астана» қорының директоры Анна Рыль Жезқазған қаласындағы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық қолдау орталығына бөлінген қаржының жеткіліксіздін айтып, шағымданды. Жалпы "Қорғау Астана" қоры 20 жылға жуық уақыт бойы қиыншылыққа тап болған әйелдерге көмек көрсетіп келеді. 

Анна Рыль, «Қорғау Астана» қорының директоры

Біздің қорға осы жылған 13 миллион теңге қаражат бөлінді. Бұл айына шаққанда 1 125 000теңге болады. Ал, жұмыс орынының ай сайынғы жалға алу бағасы 600мың теңге. Қазір бағасын 800мыңға дейін көтермекші. Сонда бізде қорға арналған ай сайын тек 200 мың теңгедей қаражат қалады. 

2023 жылы «Қорғау -Астана» жеке қоры бағасын төмендету тәсілі арқылы сатып алуды ұтып алған болатын. Келісім шарттың жалпы сомасы 40 500 000 теңге, әр жылға бөлгенде 13 500 000теңге болып тағайындалған. «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Занының 45 бабы 2 тармағының 2, 3 тармақшаларына сәйкес Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін дағдарыс орталығына қаржыландыру сомасын ұлғайту мүмкін емес. Алайда, ай сайын тек 85мың мен 105мың теңге аралығында жалақы алатын қызметкерлер бар. Егер қордың жұмысы тоқтаса қызметкерлер жұмыссыз қалады.

Берік Әбен, Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары

Бұл мәселенің шешімі – жеке қорды комуналдық мемлекеттік мекеме ретінде құру. Алайда, бұл мәселе біраз уақытты талап етеді. Құрылған жағдайдың өзінде нарық бағасы айлық көрсеткішпен сәйкес келмей, қаражат мәселесі тағы туындауы мүмкін.

Қабылдауға екінші болып кірген азамат – Асқар Қошанов, мұсылмандарды жерлеу бойынша қаражат бөлу. Жезқазған қаласы мен Сәтбаев қаласы цифрландыру мәселесі бойынша камералар орнату мен Сәтбаев қаласындағы Оқушылар сарайындағы балаларға арналған оқу полигонын ашу мәселесімен келген. Айтуынша, қазіргі уақытта мұмылмандарға арналған жерлеу қызметін көрсететін арнайы заңды қызмет түрі жоқ. Соның салдарынан жеке қызмет көрсетушілер жерлеу қызметі бағасын шарықтатып жіберген. Ал, бір айлыққа қарап отырған қара халық ақша табу жерлеуге ақша табу үшін шабылуда. 

Асқар Қошанов, қала тұрғыны 

Мен осымен 3ші рет жеке қабылдауға кіріп отырмын. Бірінші көтеретін мәселем мұсылмандарды жерлеу қызметі бойынша. Қазір Жезқазған қаласы бойынша бұл мәселе шешілген. Ал, Сәтбаев қаласында бұл мәселе әлі шешімін таппады. Депуттардың кезектен тыс сессиясында қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешуге арналған қаражат "жылумен жабдықтау кәсіпорнының қарызын жабуға жұмсалатынын естідім. Неге өзі аз қаражатты тек осындай мәселелерге ғана жұмсайды? 

Мұсылмандарды жерлеу бойынша қала шетінен 27 гектар жер бөлінді. Қоршауға және электр энергиясын өткізуге ақшалай қаражат бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

2024 жылға арналған конкурстардың қорытындысы бойынша "PANALY" ҚБ мердігерлік ұйымдарының күшімен "Жерлеу орындарын ұстау" жұмыстары жүргізілуде. Шарт бойынша 27 млн теңге қаражат бөлінді.

Алмат Саухимов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары

Жолмен бірге тоқты бөлек келесі жылға қарастырып отырмыз. Жер бар, госэкспертиза бар.Бірақ оны келесі жылға қарастырудамыз. 

Екінші мәселе бойынша қазіргі уақытта облыс бойынша 1309 камера орнатылған. Атап айтқанда Жезқазған қаласында: 647 Станциялық Fix - камералар, Сәтбаев қаласында: 476 Станциялық Fix-камералары орнатылды. Ұлытау ауылында: 29 стационарлық Fix-камера, 5 жылдам айналатын-PTZ-камерасы бар. Ал, оқу полигоны бойынша жоба әзірленіп, жоспарға енгізілді.

Перизат Дәлкенқызы, Сергей Майкович, Ұлытау

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты