ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Аппараттық жиын

Бөлісу:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемін 2024-2028 жылдары 2 есеге ұлғайтуды тапсырған болатын. Аталған тапсырманы орындау жөніндегі өңірде арнайы жол картасын жасалған. Ұлытау облысы аумағында егістік алқабы бүгінде 29 500 гектарды құрайды.

Сонымен қатар өңірде өсімдік шаруашылығы да жолға қойылған. 2024 жылға мемлекеттік қолдау шаралары аясында өсімдік шаруашылығына 27,1 млн.теңге қаржы облыстық бюджеттен бөлінген. АӨК саласында 5 ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылмақ. Берік Әбдіғалиұлы әлеуметтік маңызы бар 19 азық түлік түрін өзімізде өндіру шараларын жеделдетуді жүктеді.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе - «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының іске асыру барысы жөнінде болды. Биыл ұлттық жоба аясында облысқа қарасты елді-мекендерде 15 медициналық мекеме салынбақ.

Тимур Бижанов, Ұлытау облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы

-(Аталған емдеу мекемелерінің 5 еуі шағын амбулатория болса, 6 ауы үлкен орталық болады. 2 ФАП және 2 дәрігерлік амбулатория салынады. Аталған нысандардың құрылысына облыстық бюджеттен 106 миллионнан астам қаржы бөлінген.)

Аймақ басшысы аталған ғимараттардың алдын ала белгіленген уақытында тапсырылуын қатаң бақылауды ұстауды тапсырды.

Аппараттық кеңесте көтерілген өзге де сұрақтар бойынша жауапты басқармаларға тапсырмалар жүктелді. 

Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович «Ұлытау» телеарнасы

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты