Жезді кентінде салынып жатқан 3 тұрғын үй – тасқын судан зардап шеккен отбасыларға табысталады. Бүгінде құрылыс 85 пайызға аяқталған. Нысан жұмыстары маусым айында басталғанына қарамастан тамыз айында келісімшарт бойынша құрылыс аяқталуы керек. Қазіргі таңда құрылыс басында 15 адам жұмыс істеп жатыр. Мердігер компания - «ҚазМысҚұрылыс» ЖШС.
Абдалы Уалинов, Ұлытау ауданының құрылыс бөлімінің басшысы
Бүгінгі күні Жезді кентінде көріп тұрғандарыңыздай 3 үй. Бір үйдің квадратурасы 80 квадраттан. Мамыр айында келісімшартқа отырды. Маусым айынынң 20 сында бастады. Шілденің 30ында аяқтаймыз деп отырмыз. Келісім шарт бойынша тамыз айында біту керек. Бірақ оған қарамай жұмыстар аяқталып қалды. Мердігер компания «ҚазМысҚұрылыс» компаниясы.
Облыс әкімі салынып жатқан үйлердің ауласына қосымша абаттандыру жұмыстарын жасауды тапсырды.
Аудан басшылығы құрылыс жобасына үйдің қоршауы мен абаттандыру жұмыстарын қосатын болды. Электер желілерімен өзге де инфрақұрылымдық жұмыстар да белгілінген жоспарға сай жүргізілмек. Өңір басшысы жұмыстарды тездетумен қатар, сапалы жасалуын қадағалауды міндеттеді.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі
Жасаған соң соңына дейін жасау керек. Генплан сияқты қылып жасаңдар общий схемасы. Бәрін сызыңдар қазір. Сосын есептеңдер қанша метр. Әр қайсына көлікпен кіре алатындай болу керек.
Облыс әкімі барған екінші нысан Жезді кентінде 160 орынға арналған 2 қабатты дене – шынықтыру сауықтыру кешені құрылысы. 1300м квадрат аумақты алып жатқан нысан 28 көлік тұрағы, 4 сыртқы ойын алаңын қамтымақ. Футбол, баскетбол, теннис алаңдары салынады. Құрылыс жұмыстары жоспар бойынша жүргізілуде.
Жезді кентіндегі құрылыс жұмыстарын аралаған соң обылс әкімі Қарсақпай кентіне жол тартты. Қарсақбай кентінде Жосалы және Байтасов көшелерінің жолдарын орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 600 метр жолдың қазір тек дайындық жұмыстары жасалуда. Жоспар бойынша 1 апта көлемінде жұмыстар аяқталуы тиіс. Облыс басшысы жұмыс барысында қосымша кенттің ішкі жолын да қарастыруды тапсырды.
Сондай-ақ темір жол станциясына дейінгі ішкі жолды орташа жөндеу жұмыстары жүргізуде. Берік Әбдіғалиұлы станция басына барып, нысанның жай күйімен танысты.
Сонымен қатар өңір басшысы 2023 жылдың күзінде кәсіпкерлерді қолдау аясында қайтарымсыз гранттың иегері атанған, Қарсақпай кентінде кәсібін дөңгелетіп отырған Әлібек Жұмабекұлымен кездесті. Биылғы жылдың көктемінен жұмысын бастаған жас кәсіпкер осы саланың оқуын арнайы Шымкент қаласынан барып оқып келген. Қазіргі уақытта облыс бойынша сұраныс жоғары дейді кәсіпкер.
Аядай ғана ауылда кәсіп ашып, облысты қамтып отырған кәсіпкер болашақта кәсібін ұлғайтуды жоспарлап отырғанын айтты. Жалпы аталған жұмыс орнында бардер, бетон, су ағар колодецтары мен брусчаткалар өндіріледі.
Перизат Дәлкенқызы, Айдос Райымқұл, Ұлытау