ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Жаңаарқа жұртшылығымен жүздесу

Бөлісу:

Кездесуге Жаңаарқа халқы әдеттегідей лық тола келді. Аудан тұрғындары аудандағы өзгерістер мен жаңалықтарға бейжай қараған емес. Кезекті кездесуде тұрғында көкейкесті сұрақтары мен ой-пікірлерін ортаға салды.  Сондай ақ, облыстық басқарма басшылары қатысып, аудандағы денсаулық, білім беру, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімдер бойынша есеп берді. Алдымен Жаңаарқа ауданының әкімі Қанат Қожықаев аудандағы жоспарланған жұмыстармен таныстырды. Ауданда көлік инфрақұрылымы бойынша «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 елдімекенде 12 шақырым жолды орташа жөндеуден өткізу жоспарланған. Сонымен қатар абаттандыру бойынша жергілікті бюджеттен 276 млн теңге қаражат бөлініп, 11 балалар ойын алаңы, 3 футбол кортын орнату жұмыстары қолға алынған. «Сәулетті келбет» жаңа жобасымен 4 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

Қанат Қожықаев, Жаңаарқа ауданының әкімі

Аудан бюджетінің кірісі 11 млрд 74млн  474мың  теңгені құрады. Оның ішінде меншік кірістер 3 млрд 541 млн 459мың теңге. Сувенция 2 млрд  99 млн теңге 387мың теңге. Нысаналы транспорттер 3млрд 689 млн 658мың теңге, қарыздар түсімі 221млн 520 мың теңге, бюджеттік кредиттер өтеу  63 млн 402 мың теңге. 

Сонымен қатар кентке қарасты Қараағаш орман шаруашылығында көшеттер отырғызуға 312 млн теңге және кент ішінде 70га орман питомнигін салуға 500млн теңге қаражат қарастырылған. Денсаулық саласы бойынша 3 фелдшерлік акушерлік пунк пайдалануға берілді. Кент басында 250 келушіге арналған емхана қолданысқа берілген. Өңір басшысы ауылшаруашылығы саласына ерекше көңіл бөлініп отырғандығын айтты. Алдағы қысқы маусымға дайындықта төрт түліктің жем-шөбін даярлауда кәсіп ашқан жандарға үкімет тарапынан көмектер көрсетіледі. 

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі        

-Егерде суармалы мүмкіншілігі бар шаруашылықты қолға алатын болса, алған қондырғысының 80 пайызын қайтарып береміз. 10 млн теңгеге алса 8 млнын қайтарып береміз. Бұл да үкіметтен көрсетілетін көмек. Мысалы ауыл шаруашылығын өндейтін Жаңаарқада жақсы жобалар басталып жатыр. Ет цехы, консерві цехі, қымыз бар, сүт өнімдері. Осы жобаларға көбьірек көңіл бөліп,  бар малдың берекесін көру керек.

Кенттің даму жоспарының таныстырылымынан кейін аудан тұрғындары өз сұрақтарын қойды. Алғаш болып, Қызылжар ауылының тұрғыны ауылдағы көпір мен мектеп мәселесін қозғады.

Абдушахым Бекмағамбетов, Қызылжар ауылының тұрғыны.

Қызылжарға көпір саламыз дегелі 6 жылдан асты. Біресе анау болады, біресе мынау болады, Не болғанын түсінбей жатырмыз. Мектеп өте қиын жағдайда. Баяғыда мектеп саламыз деген жоспарда болды. Кейін салмайтын болды. Бізде оқушы бар бірақ мектебімізге сыймай жатырмыз. 

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі

Бұл халықтың жиі көтеріп жүрген мәселесі. Республика да біледі. Оны бюджетке енгізеді. Құжаты биыл дайын болды. Мектеп мәселесі бойынша комиссия келіп, жағдайды қарап, Түгіскен мектебін қабылдады. Қызылжар мектебі жайлы мектепке кірмейді деген шешім қабылданды. Бірақ бұл мектеп салынбайды деген сөз емес. 100 орындық мектеп салу үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Жайлы мектептің 3ші кезеңі болса Қызылжарды міндетті түрде ұсынамыз. 

Түгіскен, Жаңаарқа ауылдарында жайлы мектеп құрылысын бастау жоспарланған. Сонымен қатар Манадыр ауылында мектеп салу жұмыстарына мәжіліс депутаттары да атсалысуда. Қызылжар мектебіне білім басқармасынан арнайы көлік беріліп, қосымша көмек те көрсетілуде. Жарты ғасырдан астам қолданыста болған мектепте қазір күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атасу кентінің тұрғыны Алтынтөре Байбосынов ауылдағы жайылым жер мен ауылға жастарды тұрақтандыру бойынша сұрақ қойды.

Алтынтөре Байбосын, Атасу кентінің тұрғыны 

Жан-жағымыздың бәрін қысып тастады. Барлығы жайлаулар, жеке мекшіктер. Кішкентай ғана жер қалды. Ол жерде мал жайыла алмайды. 

Малика Оспанова, Жаңаарқа ауданының Мансап орталығының басшысы

Атасу кентінде тек мектеп болғандықтан, лайықты вакансия болмады. Жалпы үгіт-насихат жүргізіп отырмыз. Көшіп келеміз деген отбасылар бар. Жеңілдіктер бар. Көшіп келген әр отбасының мүшесіне бір реттік көмек беріледі 258мыңнан.

Сондай-ақ кент тұрғындары газ мәселесі мен қала мәртебесін беру мәселелелерін көтерді. Мәселелер тиісті басқарма басшыларының жауабымен толықты.

Кездесуден кейін өңір басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Алдын ала қабылдауға 13 адам жазылған. Алғаш болып қабылдауға кірген Сержан Түсіпбеков платина жанында суармалы егін шаруашылығын жүргізу бойынша қолдау күтетінің жеткізді. Кәсіпкер - қолдау болса облыс көлемінде үлкен кәсіп ашуды жоспарлауда. Облыс басшысы жоспармен танысып, толық көмек көрсететінін айтты. Ал кәсіпкерге әзірге дайындық жұмыстарын бастау керек.  

Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі

Техника алу керек, жақсы траторларды алу керек. Жерді рәсімдеңіз. Тоғанға 2 жылдай кетеді. Сол уақытқа дейін бастай беріңіздер.

Бұдан бөлек тұрғындар баспана, жұмыс, жер мәселесімен облыс әкімінің қабылдауында болды. 

Перизат Дәлкенқызы, Айдос Өмірбкұлы, Ұлытау 

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты