2024-2025 жылдардағы жылыту кезеңінде тұрғын үй секторында өрттің алдын алу жоспарына сәйкес өрттің және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу жұмыстары жүргізілуде. 2023-2024 жылдардағы жылыту кезеңінде облыс аумағында 63 өрт фактісі тіркеліп, 5 адам қаза болған... Негізгі мақсат: оқыс оқиғалардың алдын алу...
Ермек Исмаилов, Ұлытау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
-( Облыс аумағында "Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының" бірінші кезеңі 2024 жылды 15 тамызы мен
15 қыркүйек аралығында өтеді. Айлық шеңберінде жергілікті полиция қызметімен, әкімдікпен және әлеуметтік қорғау қызметкерлерімен және "Аманат" партиясының - және "Бірлік" еріктілер ұйымының еріктілерімен бірлесіп, үйлерді өрт қауіпсіздігіне келтіру бойынша осал топтарының барлық үйлерді аралап шығу жоспарда. Тұрғындармен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шаралары, өрт болған жағдайда іс-қимылдар туралы нұсқамалар өткізіледі. Сондай-ақ тұрғын үйлерді қарау кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталатын болады.)
Екінші кезең 15 қыркүйек 15 қазан аралығында өтеді. Онда халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде анықталған бұзушылықтар бойынша қайта аулалық аралау жүргізіледі.
Ермек Исмаилов, Ұлытау облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы
-( Үшінші кезең ағымдағы жылдың 15 қазанында басталып,
2025 жылдың 20 сәуіріне дейін жалғасын табатын болады. Үшінші кезеңде өрт жағдайына байланысты, алдын алу үшін айқындалған тұрғын үйлерде аулалық аралау жүргізіледі.)
2023 жылы жылыту кезеңінде облыс бойынша 228 датчик орнатылды. Биылғы жылы пешпен жылылатылатын халықтың әлеуметтік осал топтарының тұрғын үйлерінде датчиктер толықтай орнатылу жоспарлануда.
Мұқағали Сейтқазы, Сергей Майкович, «Ұлытау»