Базарбай Әлеуханұлымен бүгінгі «Ұлытау», бұрынғы «Дидар» телеарнасының есімі егіз ұғымға айналып кеткен. 1999 жылдан - 2021 жылға дейін басшылық жасаған арнаны – Жезқазған облысы жабылған шақта қолға алып – жаңадан құрылған Ұлытау облысына тегеурінді қалыпта табыстаған еңбегі жұртшылық жадында сақталары сөзсіз......
Сауапты да жауапты шараға қаламгердің шәкірттері мен бірге жергілікті билік өкілдері, рухани достары мен замандастары қатысты.
Базарбай Әлеуханұлы журналист ғана емес, айтулы ақын һәм сатира сардары бола білген. Шара барысында шәкірттердің қолдауымен «Ұят болады» атты қаламгердің сатира жинағы да жарық көрді.
Мұқағали Сейтқазы, Бекжан Маратұлы, «Ұлытау» телеарнасы