денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы қыркүйек айының ортасында толық аяқталуы тиіс. Қазіргі таңда нысанда, су, кәріз жүйесін жүргізу, әрлеу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, бассейннің суын тазартып тұратын сүзгі орнатылуда. Нысанның жалпы аумағы 8000 шаршы метрге жуық. Ғимаратта гимнастика, жаттығу, бокс залдары мен үстел теннисіне арналған орын, ұзындығы 25 метр болатын 4 жолақты бассейн орнатылады. 320 көрерменге шақталған үш қабатты ғимарат бес блоктан тұрмақ.
Өңір басшысы қазанда қолданысқа берілетін денешынықтыру және сауықтыру кешенінің аумағына су құбырын, кәріз желісі мен электрмен жабдықтау жүйесін кешіктірмей жүргізуді, сонымен қатар барлық спорт түріне жаттықтырушы мамандарды қазірден бастап жасақтауды тапсырды.
Облыс әкімі барған екінші нысан – қала орталығында құрылысы жүріп жатқан шахмет академиясы. Жезқазған өңірінде спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау, сондай – ақ Үкіметтің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде компания басшылығы Жезқазған қаласында шахмат академиясын ашу туралы шешім қабылданған болатын. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстандағы алғашқы кәсіби "Жансая Әбдімәлік шахмат академиясы" тартылды. Нысан қазан айына дейін аяқталады деп күтілуде.
Аймақ басшысы аралаған келесі нысан «Намыс спорт академиясы». Жалпы аумағы 5000 шаршы метрді құрайтын спорт академиясы 2200 шаршы метрлік жатахана мен 1800 шаршы метрді құрайтын көпбейінді спорт кешенінен құралмақ. Бұнда спорттық 6 түрі қамтылады. Бокс, дзюдо, футбол, үстел теннисі, джиджитсу секілді спорт түрлерінен Ұлытау облысына қарасты аудан, елді мекендерден спортшылар іріктеліп, осы академияда болашақ олимпиада чемпиондары дайындалатын болады.
Нысан қазан айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.
Пікірлер орны
Күнтізбе
« Ноябрь 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |