Республикалық маңызы бар жол көп жылдан бері күрмеуі шешілмей келген, халықтың арасында біраз талқыға салынған мәселелердің бірі болатын. Бүгінде күре жолдың құрылысын қайта жаңарту үшін күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Келесі жылы автожолды төрт жолаққа дейін кеңейту, толық қайта жаңарту жұмыстары басталмақ. "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ-ның Ұлытау облысы бойынша филиалы өкілдерінің айтуынша, жаңа жол жаңа әдістер мен жаңа технологияларды қолдану аясында заманауи стандарттарға сәйкес келеді. Жоба республикалық бюджет есебінен әзірленетін болады.
Ертай ТАЙЖАНОВ, "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының сапаны бақылау және қабылдау бөлімінің басшысы 00530
Бүгінгі күні мұнда жолдарды күтіп ұстау жұмыстары жүргізілуде. Арнайы мобильдік топ құрылды, оның ішінде Ұлытау облысы бойынша "ҚазАвтоЖол" филиалының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің өкілдері, жергілікті органдар бар. Апта сайынғы мониторинг жүргізілетін болады. Бұл 70-ші жылдары салынған жол, содан кейін салмағы 6-8 тоннадан асатын ауыр жүктерге арналмаған суық асфальтпен төселген. Сондықтан үлкен машиналар асфальтты ұсақтады. Бүгінгі таңда біз жаңа технологиялар бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.
Мамандардың айтуынша, қазір мердігер ұйымды анықтау бойынша тендерлік құжат дайындалуда.
Ертай ТАЙЖАНОВ, "ҚазАвтоЖол" ҰК " АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалының сапаны бақылау және қабылдау бөлімінің бастығы
шұңқырлар толық қайта құру басталғанға дейін аяқталуы керек. Бүгінгі күнге дейін
Қос өңірдің халқы үшін маңызы зор тас жолын жөндеу жұмыстары биыл көктемде басталған. Автожолдың күтіп ұстау жұмыстары 2025 жылға дейін жалғасады.