1-ші тамыздан бастау алған іс-шараның мақсаты аудан аумағында жедел жағдайды тұрақтандыру, мал ұрлықтарының алдын-алу, мал ұрлығын кәсіп еткен қылмыскерлер мен қылмыстық топтарды құрықтап, оларды жауапкершілікке тарту.
Ернар БЕКАЙДАРОВ Ұлытау ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің басшысы
Сонымен қатар, Ұлытау ауданы аумағында мал ұрлығына байланысты өздеріңіздің малдарыңызды, жылқыларыңызды қарауларыңызды ескертеміз.
Жалпы Ұлытау ауданында профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жүргізіліп тұрады. Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын алға тартқан полиция қызметкерлері азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар алғанда бірден банкке хабарласуға кеңес берді
АЛМА СӘЛІМЖАНҚЫЗЫ, МЕЙІРЖАН МЕЙРАМҰЛЫ
«ҰЛЫТАУ» ТЕЛЕАРНАСЫ