ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫ

Облыс әкімінің жеке қабылдауы

Бөлісу:

Жеке қабылдауға алғаш болып кірген Майя Асанова қызметтік тұрғын үй алу мәселесін көтерді. 2020 жылы Қарағанды қаласынан көшіп келген педагог 4 жыл бойы жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын айтты. 

Майя Асанова, қала тұрғыны

Мен Қаныш Сәтпаев атындағы 7-мектептің мұғалімімін. Қарағанды қаласынан көшіп келдім. Қазір тұрғын үйім жоқ. Барлық қаражатым дәрі дәрмекке кетеді. Сондықтан Сәтпаев қаласынан пәтер жалдауға мәжбүрмін. 

Тұрғын үй қатынастары туралы ҚР заңының 74,76 баптарына сәйкес тұрғын үй қорының кезегінде тұрған азаматтарға барлық қажетті құжаттармен өтініш берілген сәттен бастап тізімдерде белгіленген кезектілі тәртібімен беріледі. Өңір басшысы келесі жылы «Мұғалімдер үйі» арнайы жобасының қарастырылатынын айтты. Осы жоба арқылы өңірдегі ұстаздарды тұрғын үймен қамту жоспарлануда.

Қабылдауда болған тағы бір тұрғын Мақпал Арынова жергілікті атқарушы орган, «Жаңа қала» меншік иелерінің бірлестігіне шағымы бар екенін айтты. Тұрғынның шағымы бойынша, Есенберлин көшесіндегі 35а тұрғын үйінде тазалық шаралары қадағаланбайды. Есік алды  қоқысқа толы, қоқыс контейнерлері уақытылы жаңартылмайды.

Мақпал Арынова, қала тұрғыны

өтініш сайты арқылы қоқыс жәшігін ауыстыруға шағым жазған болатынмын. Себебі, күз және көктем айларында үйге келетін иісті айтып жеткезіу мүмкін емес Бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызуда. Онымен қоймай барлық қоқыс есік алдынан дейін шашылуда. 

Бұл мәселе мердігердің жауапсыздығынан деп жауап қайырды қала әкімінің орынбасары

Перизат Дәлкенқызы, Думан Оразов,

Күнтізбе

«    Ноябрь 2024    »
ПнВтСрЧтПтСбВс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
Біздің ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз!
Біз спам жасамаймыз
Парақшаның жұмысын бағалаңыз)

Тегтер бұлты