Отбасының цифрлық картасы – бұл әртүрлі мемлекеттік органдардың мәліметтерін жинақтайтын, азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға және оларға түрлі деңгейде мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Біздің өңірдегі аталған цифрлық картаға облыс бойынша 72 176 отбасы енгізілгіп, 224 мыңнан астам азамат туралы деректер жиналған. Ондағы дерекке сүйенсек, Облыс халқының орташа әл-ауқат деңгейі жақсы деуге болады...
Нұржан Орынбаев, Ұлытау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы
-( D және Е санаттары бойынша жүргізілген зерделеу қорытындысы бойынша соңғы екі аптада 89 отбасына кеміді. Сонымен қатар, зерделеу барысында Жезқазған қаласында 27 отбасы, Сәтбаев қаласында 20 отбасының, Қаражал қаласында 6 отбасында, Жаңаарқа ауданында 13 отбасының тұрақты мекен-жайы көрсетілмеген, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру және уақытша тергеу мекемелерінде тіркелген азаматтар бар екені анықталды.)
Өңір басшысы Берік Әбдіғалиұлы – отбасы институтының рольін арттыру - қоғамдық дамуға бастайтындығын айтып, аудан-ауыл әкімдеріне өздері басшылық ететін жергілікті жерлердегі әр отбасының жеке картасын жасауды міндеттеді. Ол арқылы көптеген қордаланған проблемаларды шешуге болатындығын да алға тартты.
Ұлттық жоба және тұжырымдамалар аясында жұмыс орындарын құру мәселесі де осы жиында кеңінен талқыланды. Бұл ретте облыс әкімі жоспар бойынша кешеуілдеп жатқан басқармалар жұмысын сынға алды. Аталған бағытта атқарылған жұмыстар алдағы айда 9 айдың қортындысы бойынша сарапталатын болмақ.
Мұқағали Сейтқазы, Думан Оразов, «Ұлытау» телеарнасы